22
апрель
2021
И.Саттаровқа -105 жыл
29 сәуір күні "1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні" мерекесі аясында Шелек тарихи-өлкетану мұражайы мен "И.Саттаров атындағы орта мектебі" КММ-ң "Өзін-өзі басқару" ұйымы бірлесіп, ZOOM платформасы арқылы қашықтықтан "Достығы мен ынтымағы жарасқан құтты мекен" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Мерекелік іс-шараға мұражай директоры Ердос Дәркенбаев, МДТІЖО Абдулжан Азнабакиев, педагог-ұйымдастырушы Мординова Гульвира және ұйым мүшелері қатысты. Алғаш сөз алған Е.Дәркенбаев пен А.Азнабакиев "Бірлік күнінің" еліміз үшін маңызы мен қоғамдағы орнын түсіндіріп, қатысушыларды мерекемен құттықтады. Шараның екінші бөлімі ақын, драматург Исмайыл Саттаровтың биыл туғанына 105 жыл толуына арналды. Білім алушылар ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы айтып, өлеңдерін мәнерлеп оқып берді. Өз шығармашылығынан арнау оқыды.