1қыркүйек-Білім күні » И.Саттаров атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Саттаров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
01
сентябрь
2022

1қыркүйек-Білім күні

«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«И.Саттаров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 
2022 – 2023 оқу жылындағы 1 қыркүйек – білім күніне орай «Балалар жылы» аясында «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет!» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді

1 қыркүйек таңертең 1 «А» (12 оқушы) сынып жетекшісі Мантаева Гулдана Муратқызы, 1 «Б» (21) сынып жетекшісі Розыева Ниязбуви Тургановна білім алушыларын қабылдап алды. Талаптарға сай безендірілген мектеп алаңында «Білім күні» мерекесіне орай өткізілген салтанатты жиынға ұстаздар, білім алушылар, 1 сынып бүлдіршіндері, ата-аналар және арнайы шақыртылған қонақтар қатысты. «И.Саттаров атындағы орта мектебі» КММ-нің директоры Мерупов Азимжан Хакиевич барлықтарын білім күнімен құттықтады. Мектеп табылдырығын аттаған бүлдіршіндерге «Әліпбе» оқулығы және сыйлықтар таратылды. Салтанатты жиында мектеп өнерпаздары тарапынан шағын концерт көрсетілді.
2-11 сыныптарда «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет!» тақырыбында сынып сағаттар өз дәрежесінде өткізілді. Сынып сағаттарына пән мұғалімдері қатысып, жылы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиыннан кейін сабақ кестесі бойынша сабақтар жалғасты.

Похожие публикации:

24 октябрь 2022 "Жақсылық жаса"
13 октябрь 2022 Дебат
05 сентябрь 2022 Тілдер мерекесі
01 сентябрь 2020 Мекен- жайы