"Қазақстан балалары-көктем шақырады!" атты көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша 21.03.2021ж күні мектепішілік жоспар негізінде қашықтықтан "Ұлттық тағамдар күні" өткізілді.
"Қазақстан балалары-көктем шақырады!" атты көктемгі каникул кезінде оқушылардың сапалы және қауіпсіз демалысын ұйымдастыру бойынша 20.03.2021ж күні мектепішілік жоспар негізінде қашықтықтан "Даналық пен білім күні" тақырыбында лекция сабағы өткізілді.
5 наурыз күні «Ана – өмір шуағы» тақырыбында қашықтықтан тәрбие сағаттары өткізілді. Тәрбие сағаттарына мектепте қызмет етіп жатқан ару ұстаздарымыз қатысты.
«Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» «И.Саттаров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «8 наурыз – Аналар күні» мерекесіне орай мектеп фойесі безіндіріліп, арнайы құттықтау қабырға газеттері ілінді.
"И. Саттаров атындағы орта мектебі" КММАлғыс айту күніне орай тілек тақтасы орнатылып, білім алушылар ұстаздарына, ата-ана, ата-әжелеріне, достарына, бауырларына алғыс айтып, тілек жазды.
Талайлы тағдырлардың басын өз шаңырағының астына біріктіріп, қанатымен су сепкен қарлығаштай, қамқорлығына алған Қазақстанда адамның адамға құрмет көрсететін күні де белгіленді. 2015 жылы 14 қаңтар күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев барлық ұлттың бір-біріне және қазақ халқына алғыс айту күнін бекітті.Аталған мерекеге орай мектебімізде "Алғыс айту - парызым!" тәрбие сағаттары өткізілді.
"И. Саттаров атындағы орта мектебі" КММ "1-наурыз Алғыс айту" күніне орай Шелек ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайына 3 сынып білім алушылары барды. Сынып жетекшісі Розыева Н Педагог-ұйымдастырушы Мординова Г