Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "И. Саттаров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі » И.Саттаров атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Саттаров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "И. Саттаров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
01
сентябрь
2020

Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің "И. Саттаров орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Алматы  облысы, Шелек  ауданы /қазіргі   Еңбекшіқазақ ауданы/, Гайрат ауылында 1924 жылы сауатын ашу мектебімен бастама тапқан  білім ордасы  ауыл мешітінен орын тапқан еді .1930 жылы Бастауыш мектебі болып ауыстырылды . Сол жылдары мектеп меңгерушісі болып ауыл мұғалімі Мәшүр  Розиев  жұмыс істеді.Колективтендіру  дәуірін, колхоздандыру  кезеңін Ұлы Отан соғысы  жылдарындағы  ауыртпалықты  соғыстан кейінгі екпінді  бесжылдықтардың ерен еңбегін  таразылай  келе ,бұл мектептің ешқашан   жабылмағанын , қайта қара шаңырақтың шамы, жұлдызы  жарқырауымен  жыл сайын саналы да  салиқалы  жастардың  мектеп табалдырығын  аттап ,үлкен азаматтар  болғанын  мақтанышпен айтуға болады.  
     1947 жылға  дейін мектеп меңгерушісі  болып , Омайхан Манзурова, Зайнидин Норузов , Шамшидин Нәзәров, Үзәр Ибдиминовтар жұмыс атқарған . 1951 жылы мектеп  жеті жылдық мектеп болып өзгертілді. Сол кездерде  ауыл тұрғыны ,Ұлы Отан  соғысының  ардагері ,кемеңгер ұстаз Ибдиминов Исмаил мектеп директоры қызметін атқарды.1956 жылдан бастап мектепті басқаруды  Отан  соғысының ардагері ,кемеңгер ұстаз  Сыдық Гаппаров  өз қолына алды
   1960 жылы Асы ауылындағы «Гигант» колхозының төрағасы  Орынтаев Бағвәк ауылға жаңа мектеп салдырды.1961 жылы мектеп  Гайрат сегіз жылдық мектеп болып  ауыстырылды .
   Еңбекшілер депутаттары , Шелек ауылдық совет атқару  комитетінің № 367  1973 жылы 6 желтоқсандағы  қарарымен  Гайрат сегіз жылдық  мектебіне  ұйғыр халқының  жазушысы,ақыны,Ұлы Отан соғысында қайтыс болған  Исмаил Саттаровтың  аты берілді . Сол жылдары мектептің 1-3 сыныптары  қазақ- ұйғыр тілінде,4-8 сыныптары ұйғыр тілінде жүргізіледі .3-сыныпты бітірген қазақ  сыныптары және  8- сыныпты бітірген  ұйғыр  сынып  оқушылары  орта білімді  көрші ауылдағы М. Әуезов  орта мектебінде жалғастырды .1984 жылға дейін  мектепті  басқарып келген директор Сыдық Гаппаров зейнеткерлікеке  шықаннан кейін, мектептің директоры болып Исмаил Абдрахманов Абдрахманұлы басқарды.
1887-1988 жылдары Асы совкозының директоры болған Хамза Сүлейменов жаңа мектеп салдыру жұмысын қолға алды.
Білікті де білімді  басшы бірер жыл басқарғанның өзінде талай жұмыстарды атқарып үлгерді.Соның бірі-осы орта мектепті салдыру  арқылы  артына ұмытылмас ескерткіш қалдырды. Хамза Сүлейменов жаңа мектептің қажеттілігін бірдей сезген,өз бастамасымен  іске асыру үшін аудандық білім бөліміне, аудандық партия комитеті алдында проблемалық мәселе қойған .Одан кейін облысқа, тіпті  Республика көлемінде көтерген . ССРО Жоғарғы Советінің депутаты атанған Хамза Сүлейменов өз беделі арқылы мектеп салдыруды жоспарға кіргізіп, ақыры оны орындатқан .1987 жылы 1 қыркүйектен  бастап Исмайл  Саттаров  атындағы  Гайрат  сегіз  жылдық мектебін И.Саттаров  атындағы  орта мектепке  ауыстырды .1988 жылы  1 қыркүйек күні Гайрат ауылына  3 қабатты, 624 орындық  типтік қазақ-ұйғыр  тілінде  оқытылған  мектеп ашылды. Ашылуына  Шелек аудандық партия  комитетінің 1-хатшысы Исмайл Саттаровтың жұбайы мен  бірлікте алыс-жақыннан келген қонақтар қатысты. Сол кезде Асы совхозының қарасты Жаңашаруа ауылында оқитын 4-10  сынып оқушылар осы мектепте білім алды. Мектептің  даму жолында  көптеген ұстаздар елеулі еңбек етті. Атап айтқанда,  Аминам Төмүрова, Нур  Масимов, Жамал Жалалов, Малик Мәхпизов, Шәмшинур Бакиев, Зәйнәпбүви Мәхсүтова, Хәринсәм Мусаева, Рехан Абдуллаева, Нүрбүви Саттарова,  Ризван Аширова, Керимжан Турсунов, Аркен Хасанов, Гохарбуви Джаппарова, Зәйнәпбүви Ильясова, Гүлзәпирам  Насирдинова,  Санийәм Насирдинова, Гулминам  Турдиева,  Анар Мақұлбекова, Зипар Заитов,  Хелинам  Ушурова, Апизов  Махаметжановтардың еңбегі  мектеп  түлектерінің  есінде қаларлықтай . 1997 жылы  Исмаил  Абдрахманов зейнетке кеткеннен кейін  ауыл тұрғыны, Шелек ауылдық білім  бөлімінің инспекторы болған Мусажан Худайбердиев мектеп директоры қызметіне  келді. 2001 жылы  Мусажан  Худайбердиевтың Малыбай орта  мектебіне ауысуына байланысты мектеп директоры болып Махамет Турсунов Тохтахунұлы тағайындады. 2001  жылы  наурыз, мамыр айларында   мектептің  шатыры күрделі жөндеу жұмыстан  өткізілді. 2002 жылдан бастап мектептерді компьютерлендіру басталды. Сол жылы мектепке  3 компьютер, 2004 жылы  5 компьютер , бүгінгі таңда  31 компьютер қойылған. 2008 жылы мектептің барлық сынып  бөлмелері  талапқа сай өзгертілді.2009  жылдан  бастап мектептің тақталары , парталары жаңартылуда. 2014-2015 оқу жылында мектеп Ұлттық бизнес рейтингі бойынша «Лидер сферы образования-2014» ұлттық сертификат иегері атанып медальмен марапатталды. 2015 жылы жылу жүйесі толық жаңартылды.
2016 жылы ақпан айында Турсунов Махамет Тохтахунұлының зейнеткерлік демалысқа шығуына байланыс-ты мектеп директоры болып Мерупов Азимжан Хакиевич тағайындалды. Қазіргі кезеңге дейін қызметін атқаруда. 2016 жылы жазушы- драматург И. Саттаровтың 100 жылдығына арналған облыс көлемінде шаралар атқарылса, мектепте білім саласына елеулі еңбек етіп, басшылық қызметін атқарған Абдрахманов Исмаил Абдрахманұлына арналған екерткіш тақта орнатылды. 2017 жылы ақпан айында Ауған соғысы ардагері, ауылымыздың тумасы Турданов Абдухелил Абдуллаевичке арнап ескерткіш тақта орнатылды.