2022-2023 оқу жылына мектеп кітапхананың жұмыс талдауы » И.Саттаров атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Саттаров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2022-2023 оқу жылына мектеп кітапхананың жұмыс талдауы
15
июль
2023

2022-2023 оқу жылына мектеп кітапхананың жұмыс талдауы

«И.Саттаров атындағы орта мектебі» КММ

мектеп кітапханашының жылдық есебі.

2022-2023  оқу жылға мектеп кітапхананың жұмыс талдауы.

«И.Саттаров орта мектебі»КММ 2022-2023 жылы алынған оқулықтар саны  1427

Оның ішінде оқулық 1410,көркем әдебиет 17

Қыркүек айында

«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында «Кітапхана әліміне саяхат»1А,1Б сыныптары кітапханаға саяхат сағатты өтті.Оқушыларға кітапхана ережесімен кітапхана іші таныстырылды.

Мақсаты мен міндеттері: оқушылардың анықтамалық құралдармен, кітапқа ұқыптылықпен, құрметпен қарауына әсер ету; 

білімге және кітап оқуға қызығушылығын арттыруға себеп болу; 

«Кітапханаға алғашқы қадам»атты тәрбие сағат даярлық тобы 0а,0б кітапханаға саяхат сағатты өтті.Кішкентай бүлдіршіндерге кітапхана жайлы түсінік бере отырып кітапхана іші таныстырылды.

Мақсаты: балаларды кітапхана қорындағы  жаңа кітаптармен таныстыру; оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін  арттыру, ақыл-ойын, тілін дамыту; кітапты сүюге, ғибрат сөздерден үлгі-өнеге алуға, кітапты құрметтеуге баулу.



Қазан айында

Қазан айында 2ші ұйғыр сыныптарына жаңа оқулықтар келді,келген оқулықтарды түгел таратып берілді барлық оқушылар 100% қамтамасыз етілді.

5ші қазан күні «Жүрегімді балаларға ұсынам»атты Мұғалімдер күніне арналған көрме ұйымдастылды.

Мақсаты:Ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтай отырып,ардагер ұстаздарға қошемет көрсету,ұстазды сыйлау,адамгершілілікке тәрбиелеу,ата-ана,ұстаз,оқушы арасындағы байланысты нығайту.

12-13 қазан күндері 1-11сыныптар арасында оқулықтар тазалығын тексеру жүргізілді барлық оқушылардің оқулықтары қапталаулы болды.


«Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында Ахмет Байтұрсынов   150жылдығына орай көрме жасалынып ,өмір баяны тұралы видео ролик оқушылар чаттарына жіберілды.

Мақсаты:

 1. Ахмет Байтұрсыновтың шығармашылығы, кітаптары, ғылыми 

еңбектері туралы мағлұмат беру.

 2. Ақын өмірін оқушыларға үлгі ете отырып, өз елін сүюге, оның 

көркеюіне үлес қосуға тәрбиелеу 

3. Оқушылардың танымдық деңгейін дамыту

 «Оқуға құштар мектеп»жобасы аясында «Республика күні-ұлттық мереке»

25 қазан ұлттық мереке- Республика күні болып аталып өтілмек.Осыған орай «Республика күні-ұлттық мереке» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі - туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру.Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Бұған дейін қазақстандықтаар Республика күнін тойлап келген еді. Ол 2001жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілген,бірақ кейінірек 2009жылы Н.Назарбаевтың жарлығымен алынып тасталды.Қ.К.Тоқаев биылғы жылдың маусым айында Ұлттық Құрылтайдың отырысында бұл мерекені қайта атап өтуді ұсынды:

«Мемлекеттік мерекелер мен есте қалатын даталардың тізіміне бірқатар өзгірістер енгізді.Республика күні мемлекеттік емес, ұлттық мерекеге айналды.Ұлттық мерекелер кезінде  мемлекеттік органдарда міндетті түрде ресми іс-шаралар өткізіледі,өйткені олар ерекше тарихи маңызы бар және мемлекеттіігіміздің дамуына елеулі әсер еткен оқиғалармен байланысты.


Қараша айы


1.«Ұлттық вальюта» күніне орай кітапхана ішінде көрме ұйымдастырылды. Көрмеде ұлттық валютаның шығу тарихы, номиналдары туралы мәлімет берілген.

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып, сөздердің мағанасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту. Туған жеріне, отанына сүйіспеншілігін ояту.

2.Темекі шегуден бас тарту күні «Дені саудың – жаны сау» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын сақтаудың қажеттілігін, зиянды заттардың зардаптарын білуге, жат әдеттерден аулақ болуға үйрету; Денсаулық негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада дұрыс жүру екенін ұғындыру. Шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға, адамгершілік пен биік мәдениеттілік қасиеттерді бойына сіңірген жан – жақты, рухани дамыған тұлғаны тәрбиелеу,

3. «Оқы және өзгеге ұсын!» атты буккросинг акциясынын ұйымдастырып оған арнайы БУККРОСИНГ бұрышы жасалуда.

«Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы тұралы қысқаша түсінік: «Оқы және өзгеге сыйла» атты буккроссинг акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың атсалысуымен өткізілетін акция. Бұл акцияның негізгі мақсаты, кітапханадағы кітап қорын байыта отырып өзара кітап алмасу. Сонымен қоса игі іс жасау, яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабынызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің қаншалықты кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы оқырманның негізгі жауапкершілігі болып табылады.

4.Оқуға құштар мектеп жобасы аясында осы айда 58 білім алушы кітапханаға кіріп кітап оқыды.Өткен аймен салыстырғанда 30 балаға көбейді.Осы айда 2А,3А, 4А,Б,6А,Б ,8А,9А, Б,сыныптары көбірек кіріп,жаңа кітаптармен танысып зиярат жасады.

5.«Бір ел-бір кітап – 2022» республикалық акциясы аясында Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдері мен қанатты сөздері  5-10ші сыныптар оқушылары арасында қашықтықтан болған бақауға сұраныс жиберіліп «Көркем сөз» жанры бойынша  9А білім алушысы Керимжан Сабрина онлайн режимде қатысты.


Желтоқсан айы

1.1 желтоқсан Тұңғыш президент күні кітап көрмесі ұйымдастылды. Мақсаты: Оқушыларды елін, жерін, Отанын, Елбасын сүюге тәрбиелеу.

2.Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік ерлік жолы» атты көрме ұйымдастылды.

Мақсаты:Оқушыларға еліміздің тәуелсіздік алғалы жеткен жетістектерімізбен таныстыру,білімдерін кеңейту.Отанды сүюге,ел байлығын қорғауға,болашақ Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екенін ұғындыру.Бүгінгі тәуелсіздікке қалай қол жеткенін,оларды Отаны үшін күйінетін ел азаматы етіп тәрбелеу.

Көрнекілігі:Қайрат Рысқұлбеков,Сабира Мұхамеджанова,Ербол Сыпаев,Ләззат Асанова суреттері. «Тәуелсіздік -елімнің ерлік жолы»,қаннаты сөздер жазылған плакаттар.


3. Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқушылардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тәуелсіздік күніне орай 5-8 ші сыныптар арасында «20 минут оқыда, 3 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы ұйымдастырылып мақтау қағаздары берілді.

Акцияға 5а,5б,8а,8б оқушылары қатысты.


Қаңтар айы 

«Оқуға құштар мектеп»жобасын іске  асыру мақсатында «Өзің оқы да өзгеге ұсын» кітап алмасу «Буккросинг»акциясы жүргізілді.

"Буккроссинг" акциясының басты мақсаты : ол-үйімізде жатқан немесе оқылған кітаптарға "екінші өмір сыйлау". Оқырмандар арасында "Кітап алмастыру" ақциясын жүргізу ; әр түрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру, кітапханаға оқырмандарды тарту; күнделікті өмірдеге әр оқырманның кітап оқу әрекетін танымал етуге өз үлесін қосуға шақыру мақсатында сынып жетекшілер оқушылар чаттарына бейнеролик таратылды.

Бірінші болып акцияға өз үлесін қосқан Зунунова Асиям ,


«Ең үздік оқырман сынып»мектепшілік сайыс әр ай сайын жалғасуда. Мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.

Қаңтар айында «Ең үздік оқырман сынып»болып 4а сынып,9бсынып аталды.


«Кітап оқу өте қызықты және пайдалы» кітап оқудың пайдасы тұралы қысқаша бейнеролик жасалынып оқушылар чаттарына жиберіліп түсініктеме берілді.

«Үлкен әлемге жол ашатын кітап» бастауыш сыныптарға кітапханаға саяхат тәрбие сағаты 

Сабақтың мақсаты:

Кітапханамен таныстыру.Кітапхана туралы мәлімет беру.Кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы мәлімет беру.Кітапты пайдалану ережесіме таныстыру.Білімнің кілті кітап арқылы берілетінін ұғындыру,кітаптыың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру.


Ақпан айы


1.«Жанұямызбен бірге кітап оқиық»1 -4 сыныптарға ұйге тапсырма берілді.

Мақсаты: жанұямен кітап оқу дәстүрін қайта жаңғыртуда, адамзаттың ой-өрісін, шығармашылық, әлеуметтік белсенділігін арттырудың қуатты құралы болып табылатын кітап оқудың отбасылық құндылыққа айналдыру. Отбасындағы балалардың жан-дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, кітап оқуға деген қызығушылығын ояту.

2. «Мұқағали мәңгілік ғұмыр» шығармашылығын насихаттау таныстыру

Мақсаты:

Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау.

Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

«Мұқағали мәңгілік ғұмыр» тақырыбына видеоролик дайындап сынып жетекшілер,оқушылар чаттарына жіберілді. 


3.М.Мақатаев шығармашылығы мәнерлеп оқу 5-8 сыныптарға тапсырма беріліп видео ролик дайындап фейсбук,сынып жетекшілер чаттарына жіберілді.Сонымен қатар 7-8 сынып оқушыларына ақынның шығармашылығын мәнерлеп оқуға тапсырма берілді.Ақынның шығармашылығын мәнерлеп оқуға 5А,Б   6А,Б  7А,Б сыныптары қатысып бас жүлде және 1,2,3 орындарыға ие болып мақтау қағаздарымен марапаталды.


4)Ауған ақықаты (Бұрыш)

Мақсаты: Ауған оқиғасының тарихи мағыналық ақиқатын ашу. Тәуелсіздік жолында күрескен ағаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жастарды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу, Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету.






Науырыз айы

1-Наурыз «Алғыс айту –парызым!»бұрыш. Мақсаты: балалардың «сыйластық» құндылығы туралы түсініктерін кеңейту Міндеттері: — ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру; — үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту; — әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу.

8-наурыз Халықаралық әйелдер мейрамыға арналған құттықтау бұрыш.

8-наурыз жылдың ең аяулы,жарқын және тамаша күні!

«Әйел-ана,Әйел-ару, Әйел-гүл»құттықтау бұрыш

Мақсаты:Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру,Ананы құрметтеу,сыйлай білуге,оқушылар бойындағы жеке қабілеттерімен таланттарын дамыту,адамгершілікке,ізгілікке тәрбиелеу.


Қазақ халқының табиғат-анамен үндес тіршілік кеше отырып қалыптастырған салт-дәстүрі – «адамгершілік» деп аталатын ұлы ұғымның алтын қазығы. Алтын қазықтан адаспай, бетті соған бұрғанда ғана елдіктің іргесі бекіп, адам аты асқақтай түсетінін қазақ елінің өткен өмір жолы дәлелдеп берді.Осыған орай қазақ халқының салт-дәстүрлері кітап көрмесі ұйымдастырылды.


«Төрле,Наурыз,салтанаты салтымыз!»

Мақсаты:

Қазақ халқының ежелден сақталып,атадан балаға мұра етіп қалдырған салт-дәстүрін,наурыз мейрамының мәнін түсіндіру,әрі дамыту және көркейту.

Оқушылардың ойлауын дамыта отыра,ой қиялын,өрісін,іздену негіздерін дамыту.

Оқушыларды ұлтжандылыққа,имандылыққа,инабаттылыққа, халқымыздың салт-дәстүрін қастерлеуге,сақтауға тәрбиелеу.

2022 – 2023 оқу жылында 21.03-23.03. демалыс күндері аралығында   кітапханашынің атқарылған мектепішілік жұмысы тұралы анықтама

Көктемгі демалыс күндері оқушыларға тапсырма берілді .

«Отбасымен кітап оқу» күндері тапсырмасы бойынша 1-4 сыныптар арасында берілген тапсырманы 2А,2Б ,3Асыныптары уақытында орындап жіберді.

«Менің сүйікті әдеби кітабым» туралы бейне жазба 5-8 сыныптар арасында тапсырма берілген тапсырманы 7А,8Б сыныптары уақытында орындап жіберді.

«Бүгінгі заманауи шығармаларды білесіздер ме?» эссе жазу  9-11 сыныптар арасында берілген тапсырма орындалмады 






Сәуір айы


7 сәуірде барлық адамзат 1950 жылдан бастап Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының құрылуына орай Дүниежүзілік денсаулық күнін атап өтеді. 

Мақсаты: 1) жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
 2) Қимыл - әрекетке жаттықтыру, еңбек етуге, елін, жерін қорғауға қажетті күш - қуатын молайту;
 3) Дұрыс тамақтанудың денсаулық үшін маңыздылығын түсіндіру,
 Тазалық және жеке бас гигиенасын, мәдени дағдыларын
 Қалыптастыру.


12 сәуір – Халықаралық ғарышкерлер күні. Адамзат баласының алғаш Жер орбитасын айналып өтіп, ғарышқа сапар шеккен уақыты тарих жадынан, ұрпақ есінен шыққан емес. Бұл күн – тек ғарышкерлер күні емес, сонымен қатар ғылым қызметкерлері күні. Себебі ғылымның да жаңа деңгейге көтерілген күні 1961 жылдың 12 сәуірі еді. Әлемдік ақыл-ойдың даму тарихында алтынмен апталып, күміспен күптелген сәттер аз емес. Соның бірі де, бірегейі де – осы күн.

 12 сәуір – Ғарышкерлер күніне  кітапханада арналған  көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты : Балаларға ғарыш әлемі  және  ғарышкерлер  туралы  толык түсінік беру , білімдерін  одан әрі кеңейту. Ғарышкерлердің еңбегін бағалау.еңбек сүйгіштікке, достыққа тәрбиелеу.

Еліміздің тарихи-мәдени мұрасы, халық тарихының аса маңызды айғағы, мәдениетіміздің біте қайнасқан құндылықтарының бірі – ескерткіштер. Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күні 1984 жылдан бері 18 сәуірде атап өтіледі. 


18 сәір  Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай кітапханада «Ескерткіштер - ел тарихы» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.  

Мақсаты: оқушыларға Қазақстанның ұлттық құндылығы болып табылатын ескерткіштердің көненің көзі, мәдени мұрамыз екенін және де болашаққа аманат екенін түсіндіру  арқылы оларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу . 

Қауіпсіз интернет бұрыш

Мақсаты: Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік беру.Интернет желісіндегі әртүрлі блоктармен таныстыру,интернет қаіупсіздігін сақтау шараларын насихаттау.



Мамыр айы

Қазақстан ондаған жылдар бойы көптеген ұлттар мен ұлыстардың Отаны болып келеді. Бүгінде түрлі ұлт өкілдері Қазақстанды өз жерім деп біліп, қазақ халқын туғанындай көреді. Осыған орай, қазақстандықтардың басын біріктіретін бірден-бір мереке – 1 мамыр – Қазақстан халықтары бірлігі күні деп атап өтіледі

Кітапханада достық күніне орай тақрыптық көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: 1 мамыр Қазақстан халықтар бірлігі күні екенін оқушыларға жеткізу; Ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. 


Көрме тақырыбы: «Даңқы ерлікпен ар-намыс күні».
 Мақсаты: Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.


Көрме тақырыбы: «Ұлы жеңіс - жасасын!»
 Мақсаты: Балаларға адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Оларға патриоттық тәрбие беру. Балаларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік істерімен таныстырып, ой - өрісін дамыту. Балаларды үлкен адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге тәрбиелеу.


«Ең үздік оқырман сынып»мектепшілік сайыс әр ай сайын жалғасып жыл соңыңда қортындысы шығарылды. Жылдың «Ең үздік оқырман» сынып номинациясымен 4А,4Б,9Б сыныптарына мақтау қағаздары берілді.

 Мақсаты: ұлттық сана- сезімі жоғары, рухани ойлауы терең, мәдениетті, парасатты, еңбекқор ұрпақты кітап оқу арқылы тәрбиелеу.Кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу.