30
сентябрь
2022
Қарттар күні
«И.Саттаров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бүгін мектебімізде "1 қазан – Қарттар күніне" орай 7 «Б» сыныбында «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді (Сынып жетекшісі Ахмоллаева М.).
Іс-шараға ұстаздар мен білім алушылардың әжелері, ата-аналары қатысты. Сабақта білім алушылар үлкендерге арналған даналық сөздер мен қатар өз ойларын өлең-тілектерімен жеткізді. Адамға ой салатын бейнебаянды көріп, өз әсерлерімен бөлісті. Сабақ соңын жан тебіретер «Әке-ана» әнімен аяқтады.