Дебат жарысы » "Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі"мемлекеттік мекемесінің "И.Саттаров атындағы орта мектебі"коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Саттаров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
октябрь
2023

Дебат жарысы

И.Саттаров атындағы орта мектебі" КММ"ДЕБАТ ҚОЗҒАЛЫСЫ" жобасы аясында, "25 қазан - Республика күні" мерекесіне орай 7-10 сынып білім алушылары арасында дебат ойыны өткізілді. Дебат жетекшісі Азнабакиев А. Мақсаты, оқушылардың сөз шеберлігін дамыту мен ой-өрісін кеңейтуге ықпал ету. Туған жеріне деген құштарлығын арттыру. 
Дебат - АПФ бойынша жүргізілді. Төреші - "Қаламгер" әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Насирдинова Г.Қ. Үкімет пен оппозиция тобы мүшелері "Ең жақсы өмір сүру ауылда деп есептейміз" қарары бойынша екі кезеңде өз ойларын ортаға салып, талқылады. Оюн соңында мектеп директоры Мерупов А.Х. сөз алып, қоғамда орын алып жатқан өзекті мәселелер төңірігінде ой өрбіген оқушыларға ризашылығын білдірді.
Болашақта өткізілетін ойындарда өзекті тақырыптар аясында дебат ойынын өткізуге өз ұсынысын айтты. Өз кезегінде төреші, ойын ережесі бойынша өз ойын білдіріп, шешім шығарды. Нәтижесінде Үкімет тобы жеңіске жетті. Әр екі топ ойынға белсенді қатысқаны үшін арнайы Мадақтама және сыйлықтармен марапатталды.

Похожие публикации:

28 октябрь 2022 Қазан
13 октябрь 2022 Дебат
12 сентябрь 2022 Ата-аналар жиналысы
01 сентябрь 2022 1қыркүйек-Білім күні