Желтоқсан
«Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі
«И.Саттаров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
2022-2023 оқу жылы
Желтоқсан айында атқарылған іс-шаралар туралы баяндама
Екінші тоқсанда Тәрбие бөлімінде жоспар бойынша тиесілі жұмыстар атқарылып, мәліметтер жинақталды. Әлеуметтік желілерге жарияланды.
Атап айтқанда, Қазақстандық патриотизм мен салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында Кеңес Одағының батыры Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызының 100 жылдығына орай мектебімізде 9-11 сынып білім алушылары арасында «Мерген – 2022» пневматикалық мылтықтан оқ ату жарысы өткізілді. Іс-шара нәтижесінде ең мықтылар анықталып, жүлделі орын алған білім алушылар арнайы Диплом мен медальдарға ие болды.
Психолоияда көп жағдайда кемшілік туғызған білім алушылардың аты жөні аталмайды. Тек өзіне, сынып жетекшісіне, ата анасына жеке ескертіледі. Соған бола, 9 «А» сынып бір білім алушының екінші сабаққа қатыспауы бойынша жеке сұхбат жүргізілді. Сұхбат нәтижесінде оның денсаулығына байланысты ауруханаға барып келгені анықталды.
Дәл солай, 10 «Ә» сыныптың бір білім алушысы көп жағдайда мектепке себепсіз келмейді, екінші тараптан басқа сыныптың оқушысы арасында түсінбеушілік болып, соңы жанжалға уласқан. Сол себептен, ол оқушымен жеке сұхбат жүргізілді. Сұхбат жүргізілудің мақсаты: оның мектепке не үшін келмегенін анықтау және түсінбеушілік болған оқушымен аталған мәселелер бойынша көмек көрсету. Сұхбат нәтижесінде онымен басқа бір сыныптасы екеуінің арасында түсінбеушілік болған және сол түсінбеушілік дер кезінде оң шешімін тапты. Екінші мәселе бойынша, екі білім алушы өз қателіктерін түсінді және алдағы уақытта қайталанбайтыны туралы айтты.
Үйден оқитын 2 «А» сынып білім алушысы Азнабакиев Динмухамметтің оқу динамикасын бақылау және логикалық тапсырмалар баланың ұсақ моторикасын дамытуға арналған тапсырмалар мен жаттығулар жүргізілді.
1 «А» сынып білім алушыларымен «нейрожаттығулары» жүргізілді. Білім алушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту сабаққа деген қызығушылығын, зейінін дамыту мақсатында өткізілді.
1 «А» сыныбындағы қабілеті төменірек екі оқушымен түзету дамыту жұмыстары жүргізілді.
2 «А», «Б» сыныптарымен «Алма, апельсин, құлпынай» ойындары және «Айырмашылығын тап» тапсырмалары жүргізілді. Мақсаты: Білім алушыларға көңіл-күй сыйлау арқылы адамның түйсігіндегі сезімін тексеру және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3 «Б» сыныбымен «Адам түйсігінің денесіндегі сезімін тексеру» және «Қимыл қозғалыс» ойындары жүргізілді.
7-11 сыныптарынан зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде білім алушыларға ешқандай қысым көрсетпегені анықталды.
Тәуелсіз күні қарсаңында 1986-жылы Желтоқсан оқиғасына қатысқан ауылымыз тұрғыны Бурлибаева Алия Жумабайқызының үйіне барып, құрмет көрсетілді. Желтоқсан ардагерімен болған сұхбатымызда Алия Жумабайқызы желтоқсанның сол ызғарлы күнінде көрген тауқыметтерін әсерлі айтып берді. Кейінгі тағдырымен де бөлісті.
Тәуелсіз күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаттары, ал, 6 «Б» сыныбында «Тәуелсіздік – тұғырым!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Турганова Бибинур
15 желтоқсан күні Тәуелсіз күніне орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты салтанатты жиналыс өткізілді. Осы күні 2- және 5 сынып білім алушылары «Жас Ұлан» ұйымына қабылданды.
Кітапханада «1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне», ал «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне» орай «Тәуелсіздік ерлік жолы» атты көрме ұйымдастырылды. Екінші көрменің мақсаты: Қайрат Рысқұлбеков, Сабира Мұхамеджанова, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанованың тәуелсіздік жолындағы ерліктерін бүгінгі ұрпақтың бойына сіңіру.
Оқушыларды кітап оқуға тарту, кітапты көп оқитын орта қалыптастыру, оқушылардың назарын кітапқа аударту, кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру, кітапты сүйе білуге, кітапты қадірлеуге баулу мақсатында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында тәуелсіздік күніне орай 5-8 сыныптар арасында «20 минут оқы да, 5 минут эссе жаз» кітап оқу акциясы ұйымдастырылып мақтау қағаздары берілді.
Акцияға 5 «А»-«Б», 8 «А»-«Б» оқушылары ғана қатысты.
23 желтоқсан күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының жоспарына сәйкес биылғы мектеп түлектері арасында екінші мәрте «Дублер күні» өткізіліп, білім алушылар өздері таңдаған пәндер бойынша сабақ өткізіп, соңында директордың оқу-тәрбие бойынша орынбасары Макулбекова Асельмен сабақтарды талқыланды.
Ай ішінде Қазақстан Республикасының әскер саласына барудың әрбір азаматтың борышы екенін және әскери қызметтің тиімділігін түсіндіру бойынша АӘД пәні мұғалімі Турганов Ришат 2006-жылы туылған білім алушылармен кездесу ұйымдастырды. Және Қазақстан Республикасының Қарулы күштері қатарына тіркелу құжаттары реттелді.
21 желтоқсан күні жоспарға сәйкес ата-аналар төрайымдарымен жиналыс өткізілді. Күн тәртібінде оқу жылының екінші жартыжылдығында ата-аналар кеңесінің жаңа төрайымын сайлау, жаңа жылдық мерекеге қатысты мәселелер қаралды. Жиналыс шешімімен көпшіліктің дауысы арқылы Ата-аналар кеңесі төрайымы болып Аблякова Мая, орынбасарына Найманова Майнур тағайындалды. Екінші мәселе бойынша, жаңа жылға қатысты 2022 жылы 7 желтоқсандағы шыққан №256-ө аудандық бұйрық таныстырылды. Бұйрық негізінде әкімшілікпен келісе отыра мектепішілік іс-шаралар өткізілетіні бекітілді.
«Жаңа жыл – 2023!» шырша мерекесі бойынша аудандық бұйрық негізінде мектепішілік жоспар жасалынып, жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, 27 желтоқсан күні Даярлық топтары мен бастауыш сыныптарында, 28 желтоқсан күні 5-6 сынып білім алушылары мен 7-8 сыныптарында, 29 желтоқсан күні 9-11 сыныптарында мерекелік іс-шара өткізілді.
Асы ауылдық округінің әкімдігі тарапынан 7 «Б» сынып білім алушысы Мамет Ильзатқа, ауыл тұрғыны Мусаев Турған ағаның қолдауымен Азнабакиев Динмухамедқа қысқы киім, сыйлықтар берілді.
Жаңа жыл қарсаңында жоспар бойынша мектебімізде жетім, жартылай жетім, жалғыз ана, жалғыз әке, аз қамтылған, көпбалалы отбасылардың білім алатын балалары үшін мерекелік сыйлықтар дайындалды. Жалпы саны – 100. Наргиза Исмаилованың ұжымынан – 50, Имрамзиев Қудрәттан –15, атын атамауын өтінген тағы бір бауырымыз – 15, мектеп мұғалімдерінен – 20 сыйлық жасалынып, жоғарыда көрсетілген әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларында тәрбиеленіп жатқан балаларға және даярлық сыныбы мен мектеп түлектеріне толық таратылды.
ИП «Ерсара» иесі Каипжанов Есен, кәсіпкер Даутов Долкун мен ауыл тұрғындары Саитов Дилшат, Максутов Шаяхметтің көмегімен жаңа жылдық безендіру үшін көмек көрсетілді.
Аяз атаның дорбасына ауылымыздағы дукен иелері Заитов Бахтияр, Усенов Қасимжан мен Саитов Қасимжан – әрбірі 5000 теңгелік тәттілер, зейнеткер Ибрагимов Нурахмет аға 1 ящик алма табыстады.
Мектеп мұғалімдері тарапынан ауыр ота жасалған оқушымыз Абдукерим Аблекимге 20 000 теңге ақшалай көмек көрсетілді.
II тоқсан бойынша 1-11 сынып жетекшілері Тәрбие бағытында есептерін жазбаша өткізіп берді. Орын алған кемшіліктер дер кезінде жекелей ескертілді.










