Қараша » И.Саттаров атындағы орта мектебі
Алматы облысы білім басқармасының
Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі
"И.Саттаров атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72636) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
ноябрь
2022

Қараша

«Алматы облысы білім басқармасының

Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі

«И.Саттаров атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 


Тәрбие бөлімінде қараша айында атқарылған жұмыстардың есебі


Қараша айы басталысымен мектеп мекемелерінде өзекті болған «Дебат қозғалысы» жобасы үнемі назарға алынды. Соның ішінде біздің мектебімізде өскелең ұрпақтың қазақстандық патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру, оқушылардың бойында жауапкершілік, туған өлке мен елдің мәселелерін талқылауға және шешуге қатыстылық сезімін тәрбиелеу, аудандағы пікірсайыс қозғалысын дамыту, насихаттау және қолдау мақсатында «Ең жақсы өмір ауылда деп есептейсіз бе?» тақырыбында пікірталас алаңы ұйымдастырылып, оған дебат қозғалысының екі фракциясы қатысты. Пікірсайыс нәтижесі негізінде аудандық дебат ойынына 11 «А» сынып білім алушысы Асылхан Айгерім мен 10 «А» сынып білім алушысы Турсынжан Гульназ іріктіленіп алынып, «Алматы облысы білім басқармасының Еңбекшіқазақ ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абай атындағы қазақ орта мектебі - мектеп жанындағы интернатымен» КММ-де өткізілген «Жаңа Қазақстан жастары» аймақтық жарысқа жолдама алды. 32 мектеп арасында өткен алғашқы офлайн түрінде өткен турнирде біздің оқушыларымыз жүлделі үшінші орынға ие болып, арнайы Дипломмен марапатталды.


14-25 қараша күндері аралығында «Білім алушылардың құқықтарын қорғауды күшейту, кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу» іс-шаралар жоспары негізінде біршама жұмыстар атқарылды. Мақсаты, балалар мен жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың, қатыгездіктің алдын алу, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Осы орайда 7«Б» сыныбында «Бала және оның құқығы» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Пән мұғалімі Ахмоллаева Махирам.

Екінші, әлеуметтік желіде «Өзіңді қорға!», «Әлімжеттік – әлсіздіктің белгісі», «Кибербуллингтен сақ бол!» және «Жол жүру ережелерін сақтау – өміріңді сақтау» тақырыптарында ақпараттық бейнероликтер жарияланып, сілтемелері сынып жетекшілерге қосымша материал ретінде таратылды.


21-25 қараша күндері аралығында тарих және құқық пәндерінің мұғалімдерімен бірлікте 5-11 сынып білім алушылары арасында «Қазақстан Республикасының Рәміздерін білеміз бе?» тақырыбында тест алынды. Мақсаты, білім алушылар арасында аса маңызды мемлекеттік белгілер – рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету. Рәміздер туралы білімдерін кеңейту. Қорытындысы бойынша, тестке қатысқан балалар санына және жас ерекшілігіне қарай төмендігідей сапа көрсетті.

5а-60 

5б-80 

6а-70 

6б-80 

7а-70 

7б-80 

8а-70

8б-60 

9а-80 

9б-80 

10а-80 

10ә-80 

10б-90 

11а-90 

11б-70

Бұл жерде ең төмен сапа көрсетіп тұрған сыныптар: 5а мен 8б.

Ең жоғары сапа көрсетіп тұрған сыныптар: 10б мен 11а.

Бұл ретте Рәміздер бойынша ары қарай жұмыс жүргізілетін болады. Себебі, білім алушылар Мемлекеттік Рәміздерді толықтай білуі керек.


 


Тәрбие бөлімінде қалған жоспарлар негізінде атқарылған іс-шаралар бойынша кейінгі әріптестерім баяндап беретін болады. Назарларыңызға рақмет!


Похожие публикации:

13 октябрь 2022 Дебат
01 сентябрь 2022 1қыркүйек-Білім күні
01 сентябрь 2020 Мекен- жайы