Наурыз
"1 наурыз – Алғыс айту" күніне арналған мектепішілік жоспар жасалынып, бір қатар іс-шаралар өткізілді. Атап айтқанда, 27 ақпан күні Асы ауылдық округі аппаратының қолдауымен ел дамуына ықпалын тигізіп жүрген танымал азаматтарға арналған «Ізгілік пен ынтымақ бастауы» тақырыбында мектеп оқушылары мен ауыл жастары арасында спорттың волейбол түрінен турнир өткізілді. 28 ақпан күні барлық сыныптарда тәрбие сағаты, ал, 3 «А» сыныбында «Алғыс айту – парызымыз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді. Сынып жетекшісі Мординова Г.У.). «Қаламгер» әдістемелік бірлестігінің онкүндік жоспары негізінде 1 наурыз күні "Тілек айту" атты іс -шарасы ұйымдастырылып, наурыз көже беру рәсімі өткізілді. Білім алушылар арнайы тақтаға мерекелік жылы лебіздерін жазып қойды. «Өзін-өзі басқару» ұйымы тарапынан дайындалған «Қазақ халқына мың алғыс!» тақырыбында мерекелік әдеби-музыкалық монтаж қойылды. Осы күні обыстық олимпиадалар мен байқауларда жүлделі орындарға ие болып, мектебіміздің абройын асқақтатқан білім алушыларымыз бен олардың ата-аналарына алғыс білдіру мақсатында құрмет көрсетілді.
Халықара әйелдер мерекесі қарсаңында 7 наурыз күні мектебімізде мерекелік «Ана деген – рәмізі сұлулықтың!» тақырыбында әдеби-сазды монтаж көрсетілді. Бір қатар ару-ұстаздарға Аудандық білім бөлімі және Асы ауылдық округі атынан «Алғыс хат» табысталды. 3 «Б» сыныбында «Қәлби дәрия Анилар» тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізіледі. Сынып жетекшісі Керимбакиева Г. Ал, «Өзін-өзі басқару» ұйымы тарапынан мерекелік бейне құттықтау дайындалды, әлеуметтік желіге жарияланды!
Наурыз мерекесі қарсаңында мектепішілік жоспар құрастырылып, бекітілді. Жоспар негізінде 13.03 күні мерекенің мән-мағанасын, Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар құндылықтарын дәріптеу, түсіндіру мақсатында барлық сыныптарда «Ұлы Наурыз – жаңа жыл басы» атты сынып сағаттары өткізілді. Ал, 17 наурыз күні 4«А» сыныбында «Қош келдің, әз Наурыз!», 8«Б» сыныбында «Мәрһаба, Норуз!» тақырыбында ашық тәрбие сағаттары өткізіліп, оған ұстаздар, ата-аналар белсенді қатысты. Сынып жетекшілері Камлякова М., Мординова М. Наурыз мерекесіне орай республикалық Домбыра челленджі өткізіліп, өнерлі білім алушылар Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйін орындады. «Ұлыстың ұлы күні әз Наурыз!» тақырыбында өткен мектепішілік іс-шараға ұстаздар, оқушылар және арнайы шақыртылған зейнеткерлік жастағы ұстаздар, ауыл ақсақалдары, ауыл жанкүйерлері қатысты. Бұл күні қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдерінің ұйымдастыруымен қазақ халқының салт-дәстүрін насихаттау мақсатында наруыз көже пісіріліп, барлық қатысушылар ұлттық тағамнан дәм тартты. Сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен ұлттық тағамдар көрмесі мен көркем еңбек пәні мұғалімдері тарапынан қолөнер шеберлерінің көрмесі қойылды. Кітапханашы Юнусова Г. «Ұлттық дәстүр» тақырыбында кітап көрмесін ұйымдастырып, арнайы бейнероликтер дайындап, оқушылар арасында кеңінен насихаттауға атсалысты. Дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастырумен ұлттық спорттық ойын түрлерінен қол күресі, күрес, гір көтеру, арқан тарту бойынша барлық сыныптарда жарыстар ұйымдастырылды. 22.03. күні мектеп ұстаздары мен білім алушылар және ауылдағы өзге ұлт өкілдерінің этно-мәдени орталықтарымен бірлескен «Ұлыстың Ұлы күні Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізіліп, «Өзін-өзі басқару» ұйымы тарапынан концерттік бағдарлама қойылды. Мереке күндері мектепішілік кезекшілік және ауыл аймағында «Түнгі рейд» кестесі жасалынып, бекітілді. Кезекшілік пен рейд барысында кешіліктер орын алмады.
Жалпы III тоқсанда атқарылған іс-шаралар туралы мәліметтер әдеттігідей әлеуметтік желілерге жарияланып тұрды. 5 рет бұқаралық ақпарат құралдарында, атап айтсақ, «Еңбекшіқазақ» газетінде 2 рет, республикалық «Уйғур авази» газетінде 2 рет, «Азия бүгүн» газетінде 1 рет жарияланды.